Курстар

Курстар

НЗМ түсу сынағына дайындау

6-сынып оқушыларын Назарбаев Зияткерлік мектебіне математика, логика, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілінен емтиханға дайындау. Орталығымыздың жоғары білікті мамандары дәріс жүргізеді.

ҚТЛ түсу сынағына дайындау

6-сынып оқушыларын қазақ-түрік лицейіне қазақ тілі (орыс тілі), математика, логика, тарих пәндері бойынша сынақ емтихандарына дайындау. Орталығымыздың жоғары білікті мамандары дәріс жүргізеді.

РФММ дайындық

Республикалық физика-математикалық мектепке қабылдау емтихандарына дайындық үш пән бойынша: математика, физика және ағылшын тілінен жүргізіледі.

ҰБТ дайындық

Орталығымыздың тәжірибелі оқытушылары 10-11 сынып оқушыларын ҰБТ тапсыруға міндетті үш пән бойынша: қазақ тілі (қазақ тілінде білім алатындар үшін), орыс тілі(орыс тілінде білім алатындар үшін), математика, Қазақстан тарихынан дайындайды.

Математика

Немістің атақты математигі Карл Гаусс: «Арифметика – матема¬ти-каның, ал математика – ғылымдардың пат¬шасы», – деген. «KazLIDER» оқу орталығының арнайы конкурстық таңдау арқылы қабылданған білікті ұстаздары оқушыларды математика пәнінен жекелей және топ бойынша дайындайды.

Логика

Логика – деген сөз гректің “Легос”, “Логос” деген сөздерінен алынган. “Легос” сөйлеу, түсіндіру, “Логос” ақыл, ой деген соз. «Логика» деп дұрыс ойлаудың заңдары және ережелері туралы ғылымды айтамыз.

Тіл курстары (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын)

Қысқа мерзімде қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жоғарғы деңгейде үйрету. Қол жетімді баға мен сапалы білім. Ағылшын тілінің барлық деңгейлері: IELTS, TOEFL, ҰБТ дайындық. Дәріс шағын топтарда және жекелей түрде өтеді.

Ментальді арифметика

Балалардың ақыл-ой қабілетін ойда санау жүргізу арқылы дамытатын методика. Осы методиканың көмегімен оқушы немесе 4-5 жастағы бала күрделі арифметикалық амалдарды (көбейту, бөлу, қосу, азайту) бірнеше секундта ойша немесе арнайы "абак" деп аталатын шоттың көмегімен есептеп шыға алады.

Медиа курс

Тәлімгерлер жаңалықтар жазу мен ақпарат тарату, кадрда және кадрдан тыс жұмыс істеу, сұхбат алу, тікелей эфир талаптары, басқа да түрлі жанрларға тек теория емес тәжірибелік тұрғыдан машықтанады.

шахмат

Шахмат - логикалық ой өрісті жан-жақты жаттықтыратын спорт түрі. Сонымен қатар математикалық ойлауға, ептілікке, есте сақтауға көмектеседі, тәртіпке бағынуды үйретеді.

Домбыра

Домбыра -қазақ халқының ұлттык музыкалық аспабы. Домбыра үйрету курсы - қазақтың күйлерін, әндерін, жыр-термелерін тартуға үйретіп, бойына қазақылықты дарытады. Музыкалық және эстетикалық талғамды дамытады, ноталық сауаттылықты ашады және музыкалық есту мен ритм қабылдауды үйретеді.

Пианино

Пианинода ойнау баланың ойлау қабілетін жетілдіреді. Екіншіден қол ептілігі дамиды. Үшіншіден баланың жан-жақты дамуына әсер етеді.

Актерлік шеберлік

Актерлік шеберлік курсында ең бірінші сахна алдындағы, көпшілік ортада шығып сөз айту сынды іштей қорқыныштардан, тұйықтылықтан арылады. Сөйлеу мәнері мен жүріс-тұрыс, іс-қимыл өзгереді. Өзіне деген сенімділік пайда болады.

Ораторлық курс

Ораторлық курсқа қатысу арқылы мынадай білім мен біліктілікке ие боласыз: *өзіне деген сенімділік: кез келген ортада, әңгімелесуде, сынақ тапсырғанда, алғаш танысуда

Вокал

Вокал бойынша курс дауыс қоюға, тыныс алуды дұрыс жасай білуге, микрофонмен кәсіби түрде қолдануға, фонограмаммен өлең айта білуге үйретеді. Сонымен қатар сахна ережелерімен танысады.

IT/техника

Бұл курста оқушылар мобильді қосымшалар мен сайттарды құрастырады. ХХІ ғасырдың әр адамның ажырамас досына айналған бұзылған смартфондар мен ұялы телефондарды жөндеуді үйренеді.

Tехника

Бұл курста оқушылар мобильді қосымшалар мен сайттарды құрастырады. ХХІ ғасырдың әр адамның ажырамас досына айналған бұзылған смартфондар мен ұялы телефондарды жөндеуді үйренеді.

1-3 сыныптарға қосымша дайындық/h4>

Бастауыш сынып оқушыларымен қосымша жұмыс. Егер балаңыз қандай да бір себептермен оқу бағдарламасы бойынша үлгермей қалса немесе үй тапсырмасын орындауға көмек керек болса, біздің жоғары білікті мамандарымыз дәріс беруге әзір.