Strongest distribution network

KazLIDER

оқу

орталығы

International Air freight

kazlider оқу курстары

Worldwide freight services

Тіл курстары

Worldwide freight services

IT/техника

НЗМ ТҮСУ СЫНАҒЫНА ДАЙЫНДАУ

6-сынып оқушыларын Назарбаев Зияткерлік мектебіне математика, логика, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілінен емтиханға дайындау. Орталығымыздың жоғары білікті мамандары дәріс жүргізеді.

Білім-инновациялық лицейіне (ҚТЛ) ТҮСУ СЫНАҒЫНА ДАЙЫНДАУ

6-сынып оқушыларын қазақ-түрік лицейіне қазақ тілі (орыс тілі), математика, логика, тарих пәндері бойынша сынақ емтихандарына дайындау. Орталығымыздың жоғары білікті мамандары дәріс жүргізеді.

РФММ дайындық

Республикалық физика-математикалық мектепке қабылдау емтихандарына дайындық үш пән бойынша: математика, физика және ағылшын тілінен жүргізіледі.

Орталық жайлы

Қазіргі таңда білім мен ғылым алдыңғы қатарда тұрған уақытта ата-ана баласының сапалы білім алуын, үлгерімінің жақсаруын және баланың бос уақытында қосымша курсқа (шет тілдерін үйрену, шахмат, музыкалық аспаптарда ойнау т.б) қатысуын қалайды. Осылайша ата-ана интернеттен не жарнамадан түрлі оқу орталықтарын іздестіреді, таныс дос-туыстардан сұрастырады. Іздеу барысында қажетті оқу орталықтарының сан түрлі тізімі шығады. Ең бастысы – сол тізім ішінен ең жақсысын қателеспей таңдау. Сапалы білім – болашаққа құйылған инвестиция.
Олай болса, «KazLider» оқу орталығын таңдаудың негізгі артықшылықтары:

  • Сапалы білім. Орталықта конкурстық іріктеу бойынша қабылданған талантты әрі креативті мамандар жұмыс істейді. Олардың арасында «алтын белгі» иегерлері, шетелде білімдерін шыңдап келгендер, конкурстар мен республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері бар.
  • Қаражат жағынан тиімділігі. Басқа орталықтарға қарағанда бізде курс бағасы төмен. Мысалға, НЗМ ге, ҚТЛ ге комплексті дайындау ақысына 4 пән кіреді. Сонда дайындықтың бір сағаты не бәрі 729 теңге. Егер сіз сол бес пәнге жекелей төлейтін болып, мұғалім жалдасаңыз қомақты қаражат жұмсайсыз.
  • Орналасуы. Астананың оң және сол жағалауларына жақын жерде орналасқан. Екі жақтан да көлікпен, автобуспен қатынау ыңғайлы әрі жылдам.
  • Онлайн оқыту. Мектепте баланың түсінбей қалған тақырыбы немесе орындай алмай жатқан үй тапсырмасы болса, скайп арқылы қосымша ақылы кеңес алуға болады.
  • Видео сабақтар. Сайтымыздың kazlider.kz парақшасынан тегін видео сабақ алу мүмкіндігі бар.
  • Уақыттың тиімділігі. Мектеп пәндеріне қосымша дайындықпен қатар, қосымша курска (шахмат, ментальді арифметика, домбыра, пианино, вокал, актерлік шеберлік, шетел тілдері) жазылу мімкіндігі. Мысалға, балаңыз екі жаққа жүгірмей бір жерден білім алып, қосымша шахмат ойнап үйрене алады.
  • Жеңілдіктер. Жеңілдіктер көп қарастырылған (әлеуметтік, отбасылық жағдайлар ескерілген)
  • Тегін оқыту. Жетім балаларға, онкологиялық диагнозы бар балаларға оқу тегін (18 жасқа дейін)

«KazLider» орталығының басты мақсаты:

Заманауи әдістерді қолдану арқылы сапалы білім беру;

  • Оқушылардың логикалык және сыни ойлауын дамыту;
  • Оқушыларымыздың НЗМ ге, ҚТЛ ге, ЖОО на түсу армандарын орындау;
  • Бәсекеге қабілетті оқушыларды дайындау;

НЗМ түсу сынағына дайындау

6-сынып оқушыларын Назарбаев Зияткерлік мектебіне математика, логика, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілінен емтиханға дайындау. Орталығымыздың жоғары білікті мамандары дәріс жүргізеді.

  • НЗМ-ге дайындық (бес пән бойынша), айына 48 сағаттан.
  • Математика - 14 сағат
  • Логика - 10 сағат
  • Ағылшын – 8 сағат
  • Қазақ тілі – 8 сағат
  • Орыс тілі - 8 сағат

Дайындықты арнайы конкурстық таңдау арқылы қабылданған білікті ұстаздар жүргізеді. Сонымен қатар, орталығымызда НЗМ-ге түсу бойынша туындаған сұрақтарға жауап беретін арнайы кеңесшіміз бар.

«KazLider» орталығына қабылданған оқушыға kazlider.kz сайтында «жеке кабинет» ашылады, ол жерде оқушы дәріс бойынша тапсырмалар орындайды, тест сұрақтарын шешеді. Берілген тапсырмалар НЗМ-нің қабылдау емтихандарының стандарты бойынша тағайындалады.

Айына - 48 сағат. әр сағаты - 662 теңге.
барлығы 31800 теңгеге ғана.

Біздің топ

  • Молдашева Гүлшат Шәкіртқызы

    математика мен логикадан жетекші мұғалім

    Біліктілігі: «Teacher Education Model for the 21st Century» National Institute of Education (NIE), Singapore. Сингапур; Сыни ойлауды ұштау әдістемесі, Дэвид Бернс. Астана. НЗМ; Intensive English Language Course. International House Belfast. (Англия. Белфаст қ.); «Салалық мектепте геометрияны оқыту». Мәскеу; «Жоғары күрделі есептерді шығару технологиясы». М. Ломоносов атындағы ММУ-дың арнайы оқу орталығы;
    Оқушылардың жетістігі:
    1. Греция, Крит қаласы, халықаралық олимпиада “Интеллектуалды марафон” – ІІІ орын. Қабиден Қуаныш. 10 сынып. 2011 жыл.
    2. Греция, халықаралық олимпиада “Интеллектуалды марафон”Бешімбай Дастан. 10 сынып.2011 жыл.
    3. Париж қаласы, ғылыми жоба: «Математическое моделирование микробиологических процесов» – І орын. Тастекеева Айгерим. 10 сынып. 2011 жыл.
    4. Облыстық ғылыми жобалар конкурсы – «Геометриялық денелер пішініндегі ыдыстар көлеміне арналған экстремумдық есептерді шешуде компьютерлік техниканы қолдану»Ахметжанова Зылқия, Әбділдина Толқын. 10 сынып. 2011 жыл.
    5. Математика пәнінен облыстық олимпиада – ІІІ орын Қабиден Қуаныш. 10 сынып. 2011 жыл.
    6. Анталия, ІІІ халықаралық олимпиада. Жүлдегер.
    Жұмыс тәжірибесі:10 жыл

  • Базарбаева Гульнар Сериккановна

    математика және логика пәнінің мұғалімі

    Педагогика ғылымдардың кандидаты; педагогика мамандығы бойынша доцент; әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, механико-математикалық факультет; Халықаралық ақпараттау академиясының корреспондент мүшесі
    Ғылыми қызығушылығы: Математиканы үйретудің теориясы мен әдістемесі, математика пәні мұғалімінің инновациялық қызметінің мәселелері.

  • Жиенбекова Ақбота Қалдыбекқызы

    менталды арифметиканы үйретуші Педагогика ғылымдарының магистрі.

    Қазақ, орыс, түрік тілдерін еркін меңгерген. Екі тілде дәріс жүргізеді.
    Жұмыс тәжірибесі: 4,5 жыл

  • Нургул Даривхан

    қазақ тілі пәні мұғалімі

    Қосымша білімі:
    2013 ж өзін-өзі тану пәні бойынша сертификат (09.12.2012ж -14.12.2013 уақыт аралығында «Ой-Сана психологиялық орталығы»);
    2016 ж С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-де Біліктілікті бекіту орталығында «Интерактивті құрал-жабдықты орнату және қолдану» бағдарламасы бойынша оқыту курсы (сертификат, 2016 ж. 11-15 қаңтар);
    2016 ж «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасы педагог қызметкелерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы негізінде өткізілген қосымша біліктілікті арттыру курсы (куәлік, 2016 ж.)

  • Кажытай Балнур Кызырбековна

    орыс тілінің мұғалімі

    Үш тілді еркін меңгерген: қазақ, орыс,ағылшын тілдері. Қытай тілі – орташа. Президенттік шәкіртақы иегері 2013 ж. Әлімбаев атындағы шәкіртақы иегері 2013 ж.
    Жетістіктері:
    1) Мадақтама: ПМПИ-дың 50-жылдығына арналған «Информатика» пәні бойынша студенттік олимпиадасына белсенді қатысқаны үшін – 2012.
    2) Диплом: жыл сайынғы ЖОО ішілік шет тілдер олимпиадасының белсенді қатысушысы – 2012.
    Ғылыми конференциялар:
    1) 3-дәрежелі диплом: ««Жаңа мың жылдықтың шынайы және виртуалды әлемі: студенттердің ғылыми болжауы»» Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы. – Семей қ, Қазақ Инновациялық гуманитарлық-заң университеті– 2012.
    2) 1-дәрежелі диплом: VIII институтішілік студенттер ғылыми конференциясы. – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты – 2012.
    3) 2-дәрежелі диплом: «Ғылым және жаңа ұрпақ-2013» атты жоо арасындағы студенттер мен магистранттардың XV ғылыми конференциясы. – Еуразия гуманитарлық институты – 2013.

  • Хамиева Нұргүл Есенжанқызы

    домбыра және вокал (терме, халық әндері және эстрадалық ән) бойынша мұғалім

    Облыстық жарыстардың дипломанты (I орын). Республикалық жарыстардың жеңімпазы. Елімізге белгілі әнші, «Дарын» сыйлығының иегері Айгүл Қосанованың оқушысы. Дауыс қоюдан дәріс беріп жүрген ұстаз Лиза Калгуловадан Эстраданың Еуропалық стилінде сабақ алған.

  • Жекеев Байахмет Амангелдіұлы

    математика және логикадан дәріс беруші

    Қазақ-түрік лицейін үздік бітірген.
    Облыстық олимпиададан математика пәнінің жүлдегері. Қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерін жетік меңгерген.

  • Әзімбай Мадияр Саматұлы

    математика және логикадан дәріс беруші

    Қазақ-түрік лицейін үздік бітірген.
    2012, 2013ж.ж облыстық пәндік олимпиадаларының жүлдегері.
    2014 ж. Республикалық Президенттік пәндік олимпиадасының күміс медаль иегері.
    2016 ж. Республикалық ЖОО арасындағы пәндік олимпиаданың жүлдегері.

  • Ораз Ақбота Жасұланқызы

    математика және логикадан дәріс беруші

    «Алтын белгі» иегері.
    Математика пәнінен олимпиада жүлдегері.
    Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген.

  • Шыңғысбаева Айдана Азаматқызы

    ағылшын тілінің мұғалімі

    «Алтын белгі» иегері, Словения қаласындағы Люблянск университетінде оқыған.

  • Сартабанова Раушан Баймұратқызы

    ағылшын тілінің мұғалімі

    Үздік аттестат иегері.
    Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

  • Қырғызбай Мөлдір Жұмаханқызы

    домбыра мұғалімі

    IX Республикалық байқаудың лауреаты (2010 жыл).
    Республикалық Music Forum Kazakhstan байқауының жүлдегері(2010 жыл).
    Домбырадан сабақ беру бойынша жұмыс тәжірибесі 5 жыл.

  • Ахат Қымбат Ахатқызы

    домбыра және вокал мұғалімі

    Облыстық, республикалық байқаулардың жүлдегері. Батыстың нақышы бойынша дәстүрлі әндерді және күйді үйретеді.
    Вокалдан дәріс береді.

  • Джайлбеков Суюндык Оразалиұлы

    мобильді қосымша жасау мұғалімі

    Кәсіби дағдылары: программалау тілдері: Java, Php, Javascript, Swift; СУБД: MS SQL, MySQL; программалар Adobe Photoshop, Lunix, Windows server, Microsoft Visual Studio, HTML, Xml Төрт тілді еркін меңгерген: қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдері

  • Тулеубеков Абай Кадырұлы

    шахмат үйретудің бапкері, спорт шеберіне үміткер

    Республикалық, облыстық сайыстардың жүлдегері. Жұмыс тәжірибесі: 20 жыл.

  • Мазбаев Сункар

    ұялы телефондарды жөндеу курсының маманы

    Біліктілігі: PHOTOSHOP, COREL DRAW, AUTOCAD бағдарламаларымен жұмыс істейді.
    - Windows 7 Windows XP/ Windows 2000/2003 Server (TCP/IP‚ DNS‚ DHCP) орнату және әкімшілік ету, html‚ драйверлерді орнату, Usergate, FineReader, MS Office 03/07/10 бағдарламарын жетік меңгерген.
    - қосымшаларды орнату; ұялы телефондар мен смартфондарды жөндеу.

Сыдық Елназ

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы

Мен, Сыдық Елназ «KazLider» орталығынан білім алдым. Осы білім беру орталығының арқасында Назарбаев Зияткерлік мектебінін грантын жеңіп алдым. Ол жердегі мамандар өз істерінің шеблері. Сапалы білім мен дұрыс бағыт-бағдар бергендерініз үшін алғысым шексіз.

Ардақұлы Арнұр

қазақ-түрік лицейінің оқушысы

«KazLider» сапалы білім беру орталығында окыдым. Ол жердің мұғалімдерінің білім беру әдістері ұнады. Нағыз мамандар. Білмейтіндерімді үйреніп сабаққа деген ынтам артып, сабығым жақсарды. Сіздерден білім алғаныма қуаныштымын.

Куандык Бақтияр

Шабыт университетінің студенті

Мен бір жыл оқуға түсе алмағандықтан, «KazLider» сапалы білім беру орталығына актер шеберлігі курсына жазылдым. Ол жерден актерлік шеберлігім мен білімімді, дарынымды шыңдап, тәлім-тәрбие алдым. Cіздердің берген білімдеріңіздің арқасында Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық Өнер университетіне (ШАБЫТ) түстім. Маған дәріс беріп білімдерінізді аямағандарыныз үшін , дұрыс жол көрсеткендерініз үшін сансыз мәрте алғыс айтам. «Әлем - білімділердің қолында» демекші берген білімдеріңіз бен еңбектеріңізді ақтауга тырысамын.